Тәуелсіздік күнінде 4 күн демаламыз
Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесі кезінде 4 күн демалады. Яғни ол – желтоқсанның 16, 17, 18, 19 жұлдыздары. Сондай-ақ, жаңа жылда да ел тұрғындары да 4 күн демалады. 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс мерекеден кейінгі жұмыс күні сейсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар үшін 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығы мерекелік күн болып есептеледі.
Келесі демалыс 7 қаңтарда болады. Православиелік Рождество сенбіге түседі, жұмыс режімінен және ауысымдық кестесінен тыс демалыс күні. Демалыс бір күн болады.