Атқарылар істің ауқымы кең

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аудан және қала әкімдері, басқарма басшыларының басын қосып, кеңейтілген кеңес өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселе – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстағы инфрақұрылымның оң қадамдары.IMG_6577Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында дамудың негізгі жеті бағытын атап өтті, соның бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту. Республика бойынша тұрғындарды жылу және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аталған бағдарлама аясында бас-аяғы 183 млрд теңге бөлінді.
Осы бағытта еңсерілген жұмыстар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Исенбаев баяндады. 2015 жылы бюджеттік несиелу арқылы Қостанай қаласындағы 5 бірдей жобаға 2,4 млрд теңге құйылған. Жылумен қамтамасыз ету мақсатында 4 жобаның құрылысы аяқталды. Әуежай шағын ауданындағы 1 қазандық қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ұзындығы 3,3 шақырым болатын жылу желісі іске қосылды. Өзге де жобалар бойынша алдағы жылы жұмыстар жүргізіледі.
-2015-2019 жыл аралығы бойынша инфрақұрылымды арттыруға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасымен коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, құбырлар мен су тарату желілерінің күштілігін арттыру үшін қазірдің өзінде бір талай жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын көтеріп, қосымша әрі тұрақты жұмыс орындарын ұсынып отырмыз,-дейді басқарма басшысы А.Исенбаев.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов моноқалалардың да инфрақұрылысын жіті назарда ұстауды тапсырды. Ол Рудный, Арқалық, Жітіқара сияқты шағын шаһарлардың жағдайын жақсарту керек екенін ескертті. Мәселен, келер жылы Арқалықта өтетін іс-шараларға қатысты дайындықты коммуналдық жұмыстардан бастау керек. Шаһарда ескірген үйлер жетерлік, соның бәрін және көшелерді дереу арада қалыпқа келтіру қажет. Өңір басшысы көтерілген мәселе бойынша жиынға келген қала әкімдеріне жеке-жеке тапсырма берді.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ         
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓