Барвиновтік чемпиондар

Жақында Қостанай қаласында мектеп оқушылары арасында гір спортынан өткен облыстық турнирде барвиновтіктердің бағы жанды.
Яғни, Барвинов орта мектебінің ұйымшыл командасы жасөспірімдер арасында жүлделі үшінші тұғырға тұрақтады. Ал, қыздардан құралған команда болса, алғаш рет чемпион атанып, барлық қатысушыларды артқа тастады. Әрине, дәл мұндай жетістікке қол жеткізу – ауылдық спортшылар үшін аса үлкен жетістік болды.
Жалпы, жекелей жарыста М.Кук, Д.Сопко, И.Квашнин, Д.Изтулин, В.Мищенковтар алтыннан алқа тақса, ал Е.Ельцова, И.Грома, А.Беднюк, К.Жантасов, Б.Абитчанов, В.Карпов, Ж.Абитовалар күміспен күптелді, сондай-ақ, Е.Лоденёва, А.Макишева, Д.Кочендалар қолаға қол жеткізді.
Оған қоса, Василий Мищенков облыс, ел, әлем жеңімпаздарын жеңіп, турнирдің ең үздік чемпионы атанды.Барвиндік чемпиондар..
Жалпы, барвиновтік спортшыларды гірге баулып жүрген талантты жаттықтырушы Нұрлан Тайжанов болса, ал оларға жомарттық танытып, демеушілік жасаған «Аманжол-АкРо» ЖШС-нің директоры Е.В.Акопян екендігін айта кеткен жөн.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓