Трактормен адасты
Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару отрядының жетекшісі Сергей Шмидттің айтуынша, оқиға 4 желтоқсанда Қостанай ауданында болған. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Самир елді мекенінің 47 және 56 жастағы екі тұрғыны трактормен шөп алып келуге кеткен. Ауыл мен Жамбыл селосының ортасында олар тұралап қалады. Олар қай бетке барарларын білмей қалған, яғни адасып кеткен. Бақыттарына орай, қалталарында ұялы телефондары болыпты. Тиісті мекемеге мұңдарын шағып, құтқарушылар "Трэкол" атты жол талғамайтын көлікпен келесі күні таң алдында тауып жеткен. Ол кезде жігіттер әбден тоңып қалған. Құтқарушылар адасқақтарды ауылдарына, үйлеріне апарып тастады.