Рудныйда кинотеатр ашылды

Соңғы уақыттарда Интернет жылдам дамып келе жатқанына қарамастан, жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі, әлі де болса, сиқырлы қобдишадағы кинодан бас тартар емес. Оған дәлел елімізде жыл санап кинотеатрлар санының артуы. Бірақ бұл кинотеатрлардың көбі жекеменшікте болғандықтан, оларда қазақтың тарихи кинотуындыларын тамашалау мүмкін емес. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қалалық «Айгүл» кинотеатры қазақстандық кинокөрермендер клубының тұсауын кесті.ZFV_4020Кинотеатрдың редактор-әдіскері Ольга Пигасованың айтуынша, клубтың басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан «Қазақфильмнің» үздік кинотуындыларын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, құнды жәдігерлерімізді құнттап, жастарды кино арқылы отансүйгіштікке баулу.621254
ZFV_4024
– Біз Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында осы киноклубты ашып отырмыз. Бүгінгі көрсетілім үшін 1966 жылы өнерсүйер қауымға жол тартқан «Мазасыз таң» киносын таңдап алдық. Кіру тегін болғандықтан келіп жатқан жастардың қарасы көп. Көрсетілімнен кейін халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, келесі сеансты қашан және не көрсететімізді таңдайтын боламыз. Бұл туындылардың барлығы Қостанайдың бейнеқорынан алынды және лицензиясы бар, – дейді Ольга Михайловна.ZFV_3981Осыдан тура 50 жыл бұрын жарыққа шығып, халық тарапынан зор қолдау мен қошеметке ие болған «Мазасыз таң» фильмінің режиссері Абдолла Қарсақбаев. Ол осы еңбегі үшін 1978 жылы Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері атағына ие болды. Сюжетіне келсек, бұл фильм бізді 1918 жылға, Жетісудағы кеңес билігінің орнауына қарсы оқиғалар тізбегіне алып келеді. Ержүрек комиссар Тоқтар Байтенов, оның түрмедегі тұтқыны Жүніс пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Шеринның арасындағы тартыс пен атыс-шабысқа құрылған шытырман оқиғаны көрермен қауым жылы қабылдады. Енді олар желтоқсан айында өтетін «Менің атым Қожа», «Аңшы бала» фильмдерінің көрсетіліміне достары мен туған-туыстарын ертіп келеміз деп уәде етіп жатты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓