Партия конференциясы өтті
Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар Күзенбаевтің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының 23-есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Орталық Аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы Департаментінің инспекторы, Қостанай облыстық филиалының кураторы Дәурен Бижуманов пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов қатысты. Сондай-ақ, бас-аяғы 70 делегат болды.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының 2015-2016 жылдардағы Саяси кеңес есебі тыңдалды. Ол туралы аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Эльдар Күзенбаев баяндады. Бұдан бөлек, 7 партия мүшесі атқарған жұмыстары жайында сөз етті. Сондай-ақ, саяси кеңес құрамы жаңарып, алдағы жұмысы нақтыланды, облыстық конференцияға қатысатын делегат мүшелері сайланды.



Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.