В.Левит әлеуметтік жарнамаға түсті
Рио олимпиадасының жүлдегері, боксшы, жерлесіміз Василий Левит «Отбасыңды қорға» кампаниясының жарнамасына түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстан бокс федерациясы және «Касперский зертханасы» компаниясы Василий «Отбасыңды қорға» кампаниясының жарнамасына қатысады деп келіскен. Ол Астана мен Алматыда өтетін бірнеше шараның ақпарат материалдарын тарататын жарнама болады. Боксшы суреті фирмалық тауарлардың қаптамасында орналасады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
"Мен үшін мұндай жобаға қатысу және өзің мен жақындарыңды қалай қорғау керектігі туралы айту қызық болып тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз еткенге не жетсін? «Касперский зертханысының» арқасында әрбір қазақстандық қоғанудың бірнеше жолын меңгере алады", – деді Левит.
Василий Левит қатысқан фотосессия аяқталды. Енді еліміздің дүкендері мен көшелерінде, интернет желілерінде Вася батырдың ерекше суреттерін көре аламыз.