Бақытын еңбектен тапқан

         Таран кенті жылдан жылға адам танығысыз өзгеріс үстінде. Жалпы, ауданда соңғы жылдары халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, маңызды нысандарды қалпына келтіпіп, көшелерді абаттандыруда көптеген ілкімді істер қолға алынып келеді. Биыл аудан орталығында бес көшеге төсемтастар төселіп, жолдар асфальтталды. ремонт дорог«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асып жатқан жоба  бойынша Жабағы батыр, Тобольск, Комсомольская, Озерное көшелері мен Тобыл кентіне шыға берістегі жолдар жөнделді. Бұл мақсатқа бюджеттен 4 млн 833 мың теңге бөлінген.
        -Жұмыс әзірге қарқынды жүріп жатыр. Қара суық түскенше аяқтаймыз. Адам саны жеткілікті. Істе іркіліс жоқ,-дейді құрылыс учаскесінің жетекшісі Батырбек Байғазин.
        Жаяу жүргіншілер жолына төсемтас төсеп жатқан жігіттердің бір мезетке қарап отыруға мұршасы жоқ. Мерзім шектеулі. Бірақ, сбұлар сапаға аса мән беріп отыр. «Бүгін істеген дүние ертең бұзылмағаны керек бізге»,-дейді өздері. Рас қой. Қай істің де ұзақ мерзімге шыдас бергені абзал. Осыны жете түсінген құрылысшы азаматтар туған ауылдарын көркейтуге бар ынта-жігерімен кіріскен.DSCF7886
         -Аудан орталығы жыл сайын көркейіп келеді. Жаңа салынған немесе қайта қалпына келтірілген ғимараттардан бөлек, жолдарымыз жаңартылып жптыр. Балалар ойын алаңдары, субұрқақтар жаңғыртылды. Қалай дегенмен де, тұрғындарға бар қажеттілікті жасау басты міндетіміз,-дейді Таран ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Төлебаев.DSCF7891
          «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегенді басқа емес, дәл осы өңірде туып-өскен, қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлин айтқан. Даңқты жерлестерінен қалған асыл сөзді Би-ағаңның ауылдастары басты ұстаным еткен. Оған осы жолғы барғанымызда анық көз жеткіздік. Расында да аудан орталығы тап-тұйнақтай.
         Көркі көз тартатын, болашағы бедерлі өңірге кімнің болса да қызығатыны анық. Сондықтан шығар, соңғы жылдары Таран ауданын бетке алып, Би-ағаң еліне қоныс аударушылар қатары артқан. Әсіресе, «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасып, үйлі болып жатқан жастардың қарасы басым. Солардың бірі – Айдана Ақпанбетова. Жас маман Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтын бітірісімен көп ұзамай Таран ауданына жұмысқа орналасты. Қазір ол осындағы мектепте география пәнінен сабақ береді. Таран ауданына келгелі теңін тапты, үй-жайлы болды.
        -Ата-анам Лисаков қаласында тұрады. Екеуі де мұғалім. Яғни, мен ұстаздар әулетінен шықтым,-дейді Айдана бізбен әңгімесінде,-Аудан басшыларына рахмет, мен сияқты жас мамандарға лайықты жағдай жасап отыр. Егер өзге өңірлерде де мәселе оң шешіліп жатса, ешқандай маман тапшылығы болмайды. Сондықтан, мен жастарға аудан-ауылдарға барудан тайсақтаудың еш қажеті жоқ дер едім.DSCF7881          Айдананың жары-Ержан Ақпанбетов те жас маман. Ол аудан әкімі аппаратында кадрлар бөлімін басқарады.  Жастар өздеріне осындай қакмқорлық танытып отырған мемлекет басшысының көреген саясатына дән риза.
         Таран кентінің тұрғындарына таныс тағы бір есім, ол  Нұрахметовтер отбасы. Отағасы Төлеген  сегіз жылдан бері жиһаз жасаумен айналысады. Жұбайы Әлия орталықтан сұлулық салонын ашып алған. Нәзік жандыларға түрлі қызмет көрсетеді.  Кәсіпті нәсіп еткен Әлия   бізді өз жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті.DSCF7899
          Бұрын бар уақытымды отбасыма, бала тәрбиесіне арнайтынмын.Кейін арнайы курстан өтіп, аудан орталығындағы ғимараттан жалға бөлме алып,жұмыс істеп жүрмін. Әсемдікке құмар қыз-келіншектерге тырнақ әрлеу қызметтерінің түр-түрін ұсынамын.Кәсіпті бастаған кезде керекті жабдықтардың барлығын жаңадан алдым, – дейді Әлия.
        Әрине, Таран сияқты ауылшаруашылығы өркендеген ауданда жыл озған сайын шағын кәсіпкерлікпен айналасушы  жастардың қарасы  көбейіп келе жатқаны байқалады.  
         Жалпы, шағын және орта бизнестің дамуы – ел экономикасының дамып жатқанының бірден-бір дәлелі десек, оған тарандық жастардың қосып отырған үлесі зор.Нурахметовы1
         -Негізі, жұмыс істеймін деген жанға қайда барсаң да іс табылады. Мұны біз өз тәжірбиемізге қарап айтып отырмыз. Осы Таранға көшіп келгенімізге бірталай уақыт болды. Содан бері отбасымызбен жұмыс істеп, өз ырыздық-несібемізді тауып келеміз. Балаларымыз да, келіндеріміз де жұмыс істейді. Немерелеріміздің алды мектепке барса, кейінгілері бала-бақшада,-дейді ерлі-зайыпты Еркін және Гүлзайра Зейнеловтер.
      Расында да, мемлекеттің  ауылға жасап отырған қамқорлығын осыдан-ақ сезуге болады. Бір кезде Би-ағаңның дуалы ауызынан шыққан сөздің айна-қатесіз шындығы осы.
                                                                                                                             Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓