Шәкірттері шаршы алаңда

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары  Б. Әубәкіров пен А. Сарыбаев есімдері елге кеңінен танымал.
IMG_3829
Қаладағы "Қайрат" спорт кешенінде қос бапкердің шәкірттері жан – жақтан бас қосып, дзюдо күресінен жолдастық кездесу өткізді. Кездесуге Алматы, Астана, Қостанай қалаларынан спортшылары мен жаттықтырушылары келді.
 – Мұндағы басты мақсат белдесіп бәйге алу емес, бас қосып, ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ағаларымыздың еңбегін көрсету, – дейді шараны ұйымдастырушы, бапкерлердің шәкірті  Асхат Кәкімжанов.
 Спорт ардагерлері Бейсенбай Байсағызұлы мен Абай Қанатқанұлының шәкірттері  облысымыздың намысын халықаралық, республикалық жарыстарда жиі қорғап жүр. Атақты Мұрат Кентонов,  Ерлан Естек, Ажар Кеңбейіл сынды спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарды.
                                                                                                    
                                                                                           
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓