Гір көтеруден әлем чемпионы

26-31 қазан аралығында Ақтөбе қаласында гір көтеруден әлем чемпионаты өткен еді. Жастар және ересектер арасындағы жарысқа 37 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан командасы құрамында Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылының тумасы Арман Жүнісов қатысқан еді. Ол 68 келі салмақ дәрежесі бойынша әлемде теңдессіз екенін дәлелдеп берді. Ұзақ циклде зілтемірді 62 рет көтеріп, үздік көрсеткіш көрсетіп, алтыннан алқа тағынды. Оның Мәскеу орта мектебінің 10-сынып оқушысы екенін айта кеткен жөн. гир
чемпионСондай-ақ, сарыкөлдік Николай Мищенков 63 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Николай МищенковЧемпионаттың жеңімпаздар кестесі бойынша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓