«ЖасSTAR.ks» байқауы өтті

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде «ЖасSTAR.ks» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті.сарыко
Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Қостанай облысының жастар ресурстік орталығы» КММ және «Біріккен ұйымдар Ассоцациясы» ҚБ бірлесе ұйымдастырған жастар арасында таланттарды анықтайтын шоуға біздің өңірмен бірге Қарасу, Алтынсарин аудандарының дарынды жандар қатысты. сарыколБас-аяғы 16 өнерпаз бақ сынап, түрлі жанрда өз өнерлерін ортаға салды. Ал қазылар алқасы олардың орындау шеберліктері, әртістік қабілеттері, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті мен образды аша білулеріне және эстетикалық талғамдарына аса мән берді. Нәтижесінде, Яна Марцина, Карима Рекенова, Аружан Қалиева, Даяна Сәрсенбаева, Гүлбақыт Жаңбырбаева және Руслан Базаев сынды үздіктер суырылып алға шығып, байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды. сарык
нагрЕнді олар 14 қарашада Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде бақтарын сынайтын болады. Егер одан да оза шауып, сүрінбей өтіп жатса, келесі күні қалалық мәдениет сарайында финалдық айналымға түседі.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓