Қ.Тоқаев мереке маңызына тоқталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күніне орай жазба қалдырды.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓