Қоңырауы – жалған, жазасы – шынайы
Күні кеше тәртіп сақшыларын Қостанайдың белгісіз тұрғыны әбігерге салды. Арнайы техникалар мен шұғыл алдын алу қызметі мамандары дереу КСК шағын ауданындағы "хабарланған" мекенжайға жиналды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомство хабарлағандай, 16 қазанда сағат 16.37-де "102" нөміріне әлдебір азамат Герцен көшесіндегі ет комбинаты аумағында жарылыс болатыны туралы хабарлаған.
"Ақпарат жалған болып шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қоңырау шалған азамат 29 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Лаңкестік акт туралы өтірік хабар таратқаны үшін ол тұтқындалды", – дейді ІІД баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпкер уақытша қамау изоляторында жатқызылды.