Сауат ашу курсы аяқталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Қостанай облыстық мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешітте екі айлық сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталды.IMG_4647
IMG_4643Бұл жолы да курс шәкірттері «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Араб тілі» мен «Тәджуид» пәндерінен білім алды. Мұнда тек білім алып қана қоймай, көңілді, бой сергітер спорттық ойындар мен өз араларында түрлі зияткерлік жарыстар да ұйымдастырылып тұрды. Сонымен қатар мешітте өткізілген қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, көмектерін көрсетті.IMG_4657(1)Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған шәкірттерге облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бахытжан қажы ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.IMG_4658
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓