Қостанайлық төрттік – ұлттық құрама сапында 

2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдері матчтары қарсаңында Қазақстан Футбол Федерациясы оқу-жаттығу жиындарын өткізбек: 3-7 қазан аралығында Алматыда (Қазақстан), 7-8 қазанда Подгорицада (Черногория), ал 9-12 қазанда Астанада. 
Айта кетейік, биылғы футбол маусымында қостанайлықтар сапынан бірінші рет 4 ойыншы алынып отыр. Олар 8 қазанда Черногория – Қазақстан және 11 қазанда Қазақстан – Румыния кездесулерінде алаңға шығатын болады. 
Ұлттық құрамаға Альмир Мухутдинов пен Сергей Хижниченко, сондай-ақ, қақпашы Владимир Логиновский мен қорғаушы Виктор Дмитренко да шақырту алды. 

"Тобол" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓