Ұры алыстан келмепті

Облыстық ІІД берген төмендегі ақпараттарға қарап, қолыңыздағы заттарыңызды үптеп кететіндердің өз жақындарыңыз болып шығатынына көз жеткізесіз.
ұры
Амангелді елді мекенінде 28 жасар азаматшаға замандасы қонаққа келіп отырып, үй иесінің сөмкесіндегі фотоаппарат пен 5 мың теңгесін ұрлап алады. Ұры қонақ бір сағат өтпей ұсталды. Қостанай ауданының орталығында немере ағасының ұялы телефонын ұрлаған 24 жасар жігіт те қолға түсті. Анықталғандай, сұғанақ 43 жасар ағасы үйінде ұйықтап жатқан кезде оның шалбарынан ұялы телефонын ұрлап алып, сатуға бекінеді. Алайда ұры телефонды сатып үлгермей, полицияның құрығына ілікті.
 
Шұға Қоңқабай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓