Заман талабына сай сынып

"Қазақтелеком" АҚ-ның 20 жылдығы аясында Қостанай облыстық телекоммуникациялар Дирекциясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға арналған заманауи сынып ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары    Нұрлан Әбдіров, Виктор Рогалев, Анатолий Пепенин, зиялы қауым және жергілікті мекемелердің өкілдері де қатысты.
VEGA_4032
Қостанай ОТД-ның Бас директоры Қажымұрат Темірханов қызмет барысына қажет тілдерді, әсіресе мемлекеттік тілді меңгеріп алу үшін мұндай оқыту сыныптарының пайдасы зор дейді:
– Компаниямыздың мерейтойына орай біз түрлі іс-шаралар өткізудеміз, солардың бірі және бірегейі – көптілді оқыту сыныбының ашылу салтанаты. Уақыттың барлық сынақтарынан абыроймен өтіп келе жат-қан "Қазақтелеком" АҚ қазіргі таңда заманауи өндірістік-техникалық базасы мен кәсіби мамандары бар мықты да мерейі үстем ұжым болып табылады. Бұдан бұрын біз мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қазақ тілі әдістемелік сыныбын аш-қан болатынбыз. Ендігі кезекте, еліміздегі үштұғырлы тіл жобасына сәйкес қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытуға арналған оқу сыныбын ашып отырмыз. Біздің қызметкерлеріміз абоненттер әңгімесін қай тілде бастаса, сол тілде қызмет көрсете алуы тиіс. Дәл осы мақсатта жасалып жатқан шара бұл.
Оқу сыныбы 15 жеке компью-тер және басқа да заманауи мультимедиялық, түрлі көрнекі құралдармен жабдықталған. Қазіргі күні бұл мекемеде 200-ге жуық қызметкер мемлекеттік тілді меңгеруде. Байланысшыларға дәріс оқып жүрген Ақжан Алтыбаева тіл жетілдіруге барлық мүмкіндіктің жасалғанын айтуда. Оқу республикалық "Қазтест" көп деңгейлі оқыту бағдарламасы бой-             ынша жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеруге ынталары да жоғары.
Бұл игілікті істі облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қазымбек Ахметов жоғары бағалады:
– Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында "Үш тұғырлы тіл" жобасын ұсынған болатын. Осыған байланысты біздің облысымызда Мемлекет басшысының ұсынысы сәтті жүзеге асуда. Қазіргі күні өңірімізде осындай 18 орталық ашылды. Еліміз әлемдегі 30 елдің қатарына ену үшін өзге тілдерді білуіміз аса қажет. Осыдан екі жыл бұрын Қазақтелекомның Қостанай филиалында ұлттық нақышта безендірілген қазақ тілі әдістемелік кабинеті ашылған еді. Енді міне, бірнеше тілді оқытуға арналған қазіргі заманға лайық сынып есігін айқара ашып отыр.
Қостанай ОТД қызметкерлері мұндай сыныптың ашыл-ғанына дән риза. Солардың бірі – Қостанай ОТД сервис менедж-мент бөлімінің маманы Жанель Нұржанова:
– Біз қазір жұмыс барысында кім қай тілде сұраныс берсе, сол тілде жауап беруге тиістіміз. Көп тіл білсең, өзіңе жақсы. Бір тіл бір адам, екі тілді білсең екі адамсың. Мен қазақ және орыс тілдерін жақсы білемін, сондықтан енді ағылшын тілін үйренуге кірісемін.
 "Мен қазақ тілі сабағын қалдырмауға тырысамын. Себебі бұл менің қызметтік міндетімді жемісті атқару үшін қажет. Арнайы жабдықталған профильдік сыныптың ашылғанына біз қуаныштымыз. Жасалып жатқан осындай жағдайдың арқасында мен тек қазақ тілін ғана емес, ағылшын тілін де жақсы меңгеріп алғым келеді", – дейді Қостанай ОТД байланыс операторы Юлия Зацарная.
Оқыту барысында жаңа үлгідегі  инфокоммуникациялық технологияларды қолдану тиісті деңгейлер бойынша оқыту әдістерін жетілдіріп, әрбір қызметкердің тілдерді меңгеруге деген ынтасын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
                                      
Суретте: ашылу салтанатынан көрініс.  
 
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓