Тұрғындар үйлерінен шығарылды

Кеше түнгі 23.00 шамасында Рудный қаласындағы Ленин көшесінде орналасқан №70 үйге терроризмге қарсы шұғыл әрекет ету штабының қызметкерлері келіп, жарылғыш зат болуы мүмкін деген күдікпен тұрғындар сыртқа шығарылды. Кейін саперлар мен қызметтік иттер көпқабатты ғимаратты тінтуге кірісті. Тұрғындардың айтуынша, алдымен тәртіп сақшылары үйдің кіреберісінде террористік мазмұндағы парақшаларға тап болған.ул Ленина 70
-Бүгінде тұрғындар уақытша туысқандарының үйін паналауда. Біз үйді түгел тексеріп шыққаннан кейін оларға өз үйлеріне қайтып оралуға рұқсат береміз. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауға шақырамын, – дейді Рудный қалалық ІІБ орталық жедел басқару орталығының басшысы Асқар Оразбаев.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓