Сегіз тұрғын үй жылусыз қалды
Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында жерасты жылу құбыры жарылып, көппәтерлі сегіз тұрғын үй жылусыз қалды. Бұл туралы «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
«26 желтоқсан күні Тәуелсіздік даңғылындағы жерасты жылу құбырының диаметрі 250 мм болатын бөлігі жарылды. Сағат 09:00-14:30 аралығында құбырды ашу үшін қазу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты 8 көппәтерлі тұрғын үй (381 абонент) жылудан ажыратылды. Жөндеу жұмыстарын сағат 20:00-ге жақын аяқтау жоспарлануда», – делінген «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» хабарламасында.
Мәлім болғандай, мына мекенжайлар бойынша орналасқан көппәтерлі үйлер жылудан ажыратылды. Олар:
– Әл-Фараби даңғылы бойындағы №143, №145, №158/1, №158/6 үйлер;
– Перонная көшесі бойындағы №3, №4, №10 үйлер;
– Темірбаев көшесі бойындағы №39 үй.