Ата-ананың азғындығы кінәлі

Қарабалықта аудандық прокуратураның талап етуімен қамқоршылар органы кезекті бір аз қамтылған отбасын балаларынан уақытша айырды.
неблагополучная
Ата-аналарымен Приречный ауылында тұрған үш бала қазір аудандық орталық ауруханада жатыр. Балалар бөлімінде олардың денсаулық қалпы тексерілуде. Бағып-қағу олқы болғандықтан, олардың денсаулығында сыр бар, психикалық жетілмеген. Мұны мамандар жасырмай айтады.
"Бұлардың біреуінің психикалық дамуы тым төмен. Ал енді біреуі, 7 жасар қыз осы кезіне дейін сөйлемейді, тілі шықпаған, -дейді аға прокурор Ғалия Ертаева. – Ата-аналары – жағдайы төмен жандар. Екеуі де аудандық аурухана наркологының тіркеуінде бар. Үнемі ішеді. Отағасы жалданып мал бағады. Біздің балаларын алып кету шешімін қабылдауымызға ол да кедергі болған жоқ. Аналары жұмыс істемейді және, таң қалдыратыны, балаларының өміріне немқұрайды қарайды. Бұлар жалдап тұрып жатқан үй де үйіндіні еске түсіреді. Толықтай антисанитария. Жайлы тұрмысқа, балаларды оқытуға еш мүмкіндік жоқ. Бастысы, балалардың денсаулығына қауіп төндіреді".
Тұрмысы төмен ата-анаға қатысты шаралар бұған дейін қабылданған. Бірақ, көрініп тұрғандай, ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін тіршілік арнасын жақсы жаққа қарай бұруға тырыспаған. 
Былтыр олардың өмір салтын куәландыратын материалдар жиналып, кәмелетке жетпегендердің ісі және олардың қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның талабымен ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе сот қарауына жіберілген. Алайда бұларға түзелуге, ақылға келіп, балаларының жақсы өмір сүруіне жағдай жасауына мүмкіндік берілді. Ақыры не болды? Ешқандай өзгеріс жоқ. Саңылаусыз адамдар болып шықты. Сондықтан балаларынан уақытша айырып алуға тура келді. Бұл, өз кезегінде, оларға қайтадан беріліп отырған "шанс". Егер екінші ретте де ақылдары ретке келмесе, материал сотқа тағы жолданады.  Ал кезекті мәрте кешірім күту – бекершілік.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓