Татыр төсіндегі тағылымды шара

Жанкелдин ауданына қарасты Жаркөл ауылы тұсындағы тарихи жер Татырда көршілес ауылдар жиналды. татыр2
Амангелді батырдың қолы бастап, тарихқа "Татыр шайқасы" болып жазылған көтеріліс дәл осы төңіректе өткені бәріне мәлім. Демек, 5 ауылдың кітапханашылары біріге көтерген бұл іс-шара 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Албарбөгет, Сарысу және Қызбел ауылдарының тұрғындары әртістік қабілеттерін көрсетіп, Амангелді Иманов жайлы шағын қойылым ұсынды. татыр
татыр1
Қостанай, Арқалық қалалары мен өзге аудан кітапханашылары қонақ ретінде келіп, көрермендер қатарын толықтырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓