Ынталы жастар құлшынысы
«Жасыл ел» бағдарламасымен қазір көптеген студенттер жазғы демалыстарында қоғамдық жұмысқа тартылып, нәпақа тауып жүр. Бұл бағдарлама аясында өңірімізде бірнеше көшеттер отырғызылып, табиғатқа деген тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Соның бір парасын осы студент жастарымыз орындауда. Олар бүгін Қостанай шаһарының сыртындағы Қостанай ауданына қарасты орманға бет түзеп, орман сақшысы Аманкелді Есетовтің басшылығымен игілікті істі бастап та кетті.
– Біздер, студенттер осы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында бірқатар игі шараларды атқарып та үлгердік. Міне, бүгін Аманкелді Есетов ағамызбен бірге ормандағы тазалық шарасына қатысып, бой көрсетіп, тобымызбен кеп қалдық,– деді бригадир Ерасыл Саденов тобына нұсқау көрсетіп.
Біз де студент жастардың ынталы ісіне риза болдық. Өз ісіне құлшына кіріскен олардың бойынан еңбекке деген ерік-жігер сезіле түсті.
Нұрболат Мешітбаев
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков