«АУЫЛЫМ – МЕНІҢ ЖҰМАҒЫМ !» «Қостанай таңы» газетінің фотобайқауы

Ойхой,  жазға жетер шақ бар ма?!  «Жаздыгүні  шілде болғанда, көкорай шалғын,  бәйшешек,  ұзарып  өсіп толғанда;  шұрқырап  жатқан жылқының,  шалғыннан жоны қылтылдап,  арасында кұлын-тай айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып  тұрса сымпылдап…» демекші, туған жер жазының көркем көріністерін көз алдына әкелудің өзі қандай тамаша! Ауылда желкілдеген көк майса, көк майсаға мал жайса, айдын-шалқар көл-өзен, қарағай-қайың сыңсыған… айта берсек, алты ай жаздың сән-салтанаты, қызық-қуанышы шексіз!ауыл
       Ендеше, қадірлі оқырман, сондай табиғат аясында қимас та қымбат, шабытты да шаттықты сәттерде түскен суреттеріңіз көп шығар. Ақтарып қараңыз, биылғы жаз шыққалы түсірген небір көркем де сымбатты дүниелер көзге оттай басылар.  Мейлі, фотоаппарат, қалта телефоны, айфон, планшет сияқты тағы басқа да құралдардың қайсысымен түсірілсе де бәрібір. Тек қайталанбас, шебер, тосыннан, табиғи болса болғаны.   Ондайда көп ойланбаңыз,  біздің  газетке жолдаңыз.
 
Сонымен, газетіміз «АУЫЛЫМ – МЕНІҢ  ЖҰМАҒЫМ ! »  атты  айдармен ФОТОСУРЕТТЕРГЕ  БАЙҚАУ жариялайды.  Байқауға шектеу жоқ, кез келген азамат қатыса алады.
 
   Талап біреу – ФОТОСУРЕТ  тосын, соны, көркем,  түрлі-түсті және деректі  болу  керек.  Арнайы тәуелсіз комиссия байқауға лайық фотосуреттерді алдымен  газет пен сайтқа  жариялайды. Ал олардың арасынан үздік деп танылған жеңімпаздардың   шығармалары, суреттері мен өздері жайлы деректер газетке басылып, диплом мен бағалы жүлделер беріледі.
     Байқау мерзімі – 1 ай.  2016 жылдың 1-тамызынан 1-қыркүйегіне, кешкі сағат 18.00-ге дейін.
     
    Біздің электронды поштамыз: kostanaytany@mail.ru, kt-fan@mail.ru
   Байланыс телефондары:  Қостанай қаласы, 54-84-44, 54-67-65

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓