Мүдделестік меморандумы
Аманкелді. «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында Амангелді ауданы әкімдігі мен «Шайхин», «Көбей», «Дана», «Ильяс», «Дамира», «Виктор» шаруа қожалықтары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру. Сондай-ақ, Амангелді ауданында 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығын атап өтуге күш жұмылдыру.