Лагерьден қашу
Меңдіқара. Камен-Орал елді мекені маңындағы «Орман ертегісі» сауықтыру лагерінен екі бала қашып шыққан. Олар жетімдер мен асыраушысынан айырылған балаларға арналған Рудный мектеп-интернатының тәрбиеленушілері болып шықты. Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан соң «қашқындарды» кейін қайтарды. Жеткіншектер мұндай әрекетті қызық үшін ұйымдастырғандарын айтты.