Ескі жаңарады

Жітіқара. 4-шағын аудандағы №11 иесіз қалған ескі үйді қалыпқа келтіру жұмысы қолға алынды. Он жылдай бұл ғимараттың тең жартысы ғана тұрғындарға пана болып келді. Ал қалған жартысы қаңырап, қирап тұрған еді. житикараАудандық ТКШ бөлімінің мәліметінше, төбе жабындысын күрделі жөндеуден өткізу, инженерлік коммуникация жүргізу қажет. Құрылыс құны – 14,5 млн. теңгеден астам. Тағы да 7 млн. теңге бос қалған пәтерлерді жөндеуге керек. «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» Бағдарламасы бойынша қаржыландырылмақ. Жоспарға сәйкес, жұмыстар жыл соңында аяқталып, нысан пәтер кезегінде тұрғандардың игілігіне берілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓