Қылмыстық істердің 95%-ы электрондық форматта тергеледі

Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков "Фейсбук" желісіндегі парақшасында хабарлады.
Электронды түрде тергеудің толық форматына көшу үшін полиция бөліністерінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. 
Бүгінде бұл форматта Рудный қаласы Полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары жұмыс істеуде. Кеңес жұмысына Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қостанай облысы бойынша комитетінің бастығы 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі Марат Қайыбжанов және Рудный қаласының прокуроры Акбар Әбділдин қатысты.  
– Облыстың аумақтық бөліністерінде бұл жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Тергеу және анықтау бөлімшелері 2018 жылдан бастап дербес компьютерлермен толық жабдықталған, интернет байланысы жолға қойылған. Оң нәтижелер де бар. Тек осы жылдың басынан бастап сот электронды форматта 267 қылмыстық іс келіп түсті, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Электрондық қылмыстық істерді енгізу қылмысты тіркеуден, сотқа дейінгі тергеп-тексеруден, сот талқылауынан және жазаны орындаудың соңына дейінгі барлық қылмыстық процесті қамтиды. Тергеу барысы қадағалаушы прокурорға, сондай-ақ қорғаныс тарапына қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген көлемде онлайн режимінде қолжетімді болды. Нәтижесінде, қылмыстық процестің мерзімі қысқарып, қағаз құжат айналымы шығындары оңтайланып, нақты уақыт режимінде іс материалдарына қол жетеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓