Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі: “Қостанай әуежайы қайта жөндеуді талап етеді”
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапары барысында Қостанай әуежайын тексерді, сонымен қатар қаланың теміржол бекеті мен автовокзалындағы қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуі туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл туралы ол өзінің твиттердегі аккаунтында: «Қостанай әуежайының жұмысымен таныстым. Қайта жөндеуді қажет етеді» деп жазады. К.Мәсімов әуежайдағы күту залын көрді, оған «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ директоры Юрий Ким дара ұшу-қону жолағының және аэровокзалдың қайта жөнделуі туралы баяндады.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват Премьер-Министрге Қостанай облысының аумағында республикалық жолдардың қайта жөнделуі мен құрылысы, Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің реконструкциясы туралы айтып берді. Өз кезегінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – «Қостанай жол бөлімі» директоры Ермек Темірбаев және облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк Қостанай темір жол бекетінің және қалалық автовокзалдың лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандырды.Бұдан соң К.Мәсімов аэровокзалдың тексеруге дейінгі зонасын аралап, аэровокзал кешенінде жолаушыларды, олардың қол жүктерін, жолжүктерін, поштаны және жүктерді тескеру кезінде қолданылатын жабдықтарды көрді.
Қостанай қалалық әуежайы 1964 жылы пайдалануға берілген. Онда әуежай кешені, аэровокзал, аэродром, авиатехникалық база, жерүсті техникасы және қажетті басқа да жабдықтар қамтылған.