3 мың бас ірі қара бурцеллезге шалдыққан

Биыл Қостанай облысында тексеруден өткен 280 мың бас ірі қара малдың 3212-сі бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Тексерілген 332 мың ұсақ малдың 69-ы ауырады. Бұл жайында alau.kz хабарлады.
Мал дәрігерлігі басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, аурудың негізгі себебі ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталмауынан және ведомстволық ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың нашарлығынан болып отыр.сиыръІрі қара малдың бруцеллезіне байланысты эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша облыстың алты ауданына – Қарасу, Әулиекөл, Аманкелді, Қамысты, Жанкелдин және Денисов аудандарына 2014-2016 жылдарға арналған жергілікті жоспарларды жүзеге асыру жұмыстары өткен жылдан бері жақсы нәтиже көрсетіп келеді. 
Жанкелдин ауданындағы ірі қара малдың бруцеллезбен ауру деңгейі 2 жарым есеге, Аманкелді ауданындағы жұғу 6 есеге азайған.
ІҚМ шаруашылығы құрылымдарында бруцеллезге қарсы вакциналарды бақылаусыз қолдану –  ірі қара мал бруцеллезіне қатысты жағдайдың нашарлау факторларының бірі болып отыр.  
Болған жағдайға байланысты, облыс әкімі орынбасарының тапсырмасымен мал бруцеллезі кең тараған аудандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін тәжірибелі мамандар жіберілді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓