Балалар әдебиетінің алыбы
Аманкелді аудандық балалар кітапханасы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 80 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің алыбы» атты портреттік кеш өткізді.
Кешке мектеп оқушылары атсалысып, Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтты. Ұлы далаға нәр беріп, сырдың бұрымындай бұралып, халқының рухани байлығына айналған жыр тарланбозы Қадыр ақынның туындылары, елін, болашақ ұрпақты және жалпы қауымды қуанта берері сөзсіз. Кеш барша оқушыларды қанаттандырып, тұлғаны жақын танып, білуіне жол аша түсті.