Әулиекөлде – жаңа әкім
Әулиекөл ауданының Мәслихат депутаттарының ұйғарымымен аудан әкімі болып Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов тағайындалды. Әулиекөл ауданының активмен өткен жиналыста облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ж.Қ.Тәукеновке деген жылы лебіздерін жеткізді:
-Жансұлтан Қоңыртайұлы басшылық лауазымда әрқашан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Қолға алған кез келген жұмысты аяғына дейін жеткізіп, жемісті нәтижелерімен көзге түсті. Жаңа қызметте де абыройлы еңбек етуге күш жұмылдыратынына кәміл сенемін.