Сәлім Меңдібаев 70 жаста
Қадірлі Сәлім аға! Сізді қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Қостанай таңының» ұжымы мерейлі жасыңыз 70- ке келуіңізбен шын жүректен құттықтайды.
«Қостанай таңы» – Сіздің еңбегіңіздің алтын ұясы, шығармашылығыңыздың қайнар көзі деп білеміз. Алтын ұя болатыны – бүкіл ғұмырыңыздың ең шырынды маңдай тер төгілген 45 жылы осы шаңырақта өтті. Бұл босаға жақсы мен жайсаңды, тұлға мен тұлпарды танытқан, жүрекжарды дүниелеріңізге дем берген, шабытыңыздың шоғына айналған орта, еңселі рухани орда болды. Сондықтан да Сіз үнемі «Қостанай таңы» – менің газетім» деп толғай айтып келесіз! Бұл шынайы сөз! Өйткені, осынау өмір жолында өзіңіз небір ұстаздар мен ағалардың қас – қабағынан мейірім , жүрек жылуы, пейіл – шапағатын көрсеңіз, әріптес іні-қарындастарыңыз бен көптеген замандастарыңыз Сіздің кәсіптік «домна пешінде» пісіп, қорытылып шықты. Бүгінде олардың дені осы қарашаңырақта, Астана мен Алматыда және басқа да ел өңірінде майталман мамандар.Ағымыздан жарылсақ, Сіздің қамқорлығыңыз бен ағалығыңызды мықты діңгектей сезініп, үнемі үлбіреген ілтипат, жылы қабақ, қыз мінезді биязы қалпыңызды ерекше сыйлап, үлгі тұтамыз!
Міне, жетпіске жеттіңіз, пістіңіз, мәуелі жемісіңізді – ақ маржандай көсемсөздеріңізді алдағы уақытта да тұшына оқып ,қуана берейік!
Сәлім аға, мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!!! Ұзақ жасаңыз! Сіз тәрбиелеп, өсірген шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтап, "Қостанай таңы" газетін толағай табысқа жеткізсін, шығармашылықтын шыңынан көрінсін.
Құтты болсын, аға! Сізді үлгі тұтамыз. Аман болыңыз!