Жаңа формация педагогы
Үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап еліміздегі соның ішінде облысымыздағы колледждерде «Кәсіпқор»Холдингі КЕАҚ модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Осы мақсатта барлық өңірлерде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен басшыларынның біліктілігін арттыруға арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогы» тақырыбында екі апталық курс болып өтті.

Міне, осындай біліктілікті арттыру курсы семинар-тренинг түрінде облысымыздағы Қостанай политехникалық колледжінде болды, өйткені оқу орны жоғары білікті кадрларды «нақты дайындау» қамтамасыз ету бөлігінде «Кәсіпқор»Холдингі КЕАҚ-ның колледж-серіктесі болып табылады.
Осы курстық оқыту бағдарламасының мақсаты- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жетілдіру мен жаңалау аясында алдыңғы қатарлы соның ішінде шетелдік білім беру жүйелерімен танысу, кәсіптік білім беруді ұйымдастыру. Бағдарлама тәжірибелік-бағдарланған мазмұнға бағытталып, мамандардың кәсіби шеберлігі мен машықтығын қалыптастыруға бағытталған.




Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.