Жалған диплом жарға жықты

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жанкелдин аудандық соты бірнеше жыл ауылдық мектепте жалған дипломмен  жұмыс істеген азамат С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша қылмыстық істі қарады.1436423633r4oxiЖауапкершілікке тартылған С. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  жоғары білім туралы дипломмен ауданның Сарысу негізгі мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Сот отырысында сотталушы  өз кінәларын толық мойындап, істеген істеріне өкінетіндігін, келтірілген залалды төлейтіндігін айтқан. Судья сотталушының, прокурордың қорытындысын тыңдап және істегі құжаттарды зерттеп, қылмыстық теріс қылық жасады деген айыппен оған 50 АЕК көлемінде, яғни 106 000 теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓