Ауыл әкіміне айыппұл салынды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Федоров аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы бойынша (бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау) айыпталған 50 жастағы азамат А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.backruptcy-actАуылдық округтің әкімі қызметін атқарған А. азаматша Я.-ның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын біле тұра, оны статист ретінде жұмысқа қабылдаған.
Жұмысқа қабылдауға әкімнің атына жазылған арыз негіз болған. Сот отырысы барысында А. өз кінәсін мойындап, жұмысқа қабылдауда азаматтың сотталмағандығы туралы анықтама талап ету керектігін білмегендігін  мәлімдеген.
Сот қаулысымен азамат А. әкімшілік құқық бұзушылықта кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК, яғни  200 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.  
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓