Қала әкімі жастар мәселесін қарады

Арқалық қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Жастар ісі жөніндегі кеңестің» кезекті отырысы қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедовтың төрағалығымен өтті.
 Кеңеске қалалық мәслихаттың хатшысы, кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
 Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша «Жалпы білім беретін мекемелерде кәсіптік бағдар беру», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы», «Мәдени – көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы» қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Жұмабаева, білім бөлімінің басшысы Мейрамкүл Әбу, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Хамзин баяндама жасады.
 Жастардың мамандық таңдауына жәрдемдесу – маңызды шара. Қаладағы Торғай боксит кен басқармасы, "Алюминқұрылыс" ЖШС, Қостанай оңтүстік электр желісі сынды ірі мекемелердің өндірістік базасымен танысуға жастар үшін жол ашық. Облыстың ЖОО, арнайы кәсіптік оқу орындары ашық есік күндерін өткізіп, білім беру жүйелерін ұдайы насихаттап отырады.
 – Жастар еліміздің болашағы. Олардың ертеңгі өміріне арқау болатын мамандық таңдауларында қателеспеуі – басты мақсат. «Жастар тәжірибесі, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары жоғары деңгейде жүзеге асуы тиіс. Осылай деген қала әкімі Ғазиз Ерболатұлы жастар арасында жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі іс – шаралардың үзілмеуін қамтамасыз ету қажеттігін алға тартты.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓