Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қостанай облысында талапты да дарынды оқушы балалар баршылық. Жетістіктеріне әрине, қуанасың. Міне, биыл да ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған-ды. Олардың арасында біздің өңірдің жиырма үш оқушысы бар. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің жетекшісі Сара Еришованың айтуынша, қазақ-түрік лицейінің он бір, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының үш, Қостанай ауданынан екі, Арқалық қаласынан біреу, Қостанай қаласы мектептерінен алты оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды. Олардың барлығы да халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанғандар.
Гүлназым САҒИТОВА