Талқыда — ауыл шаруашылығы саласы

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
2022 жыл – облыс фермерлері үшін сәтті өтті. Дәнді дақылдардың жалпы өнімі 5 млн 600 мың тоннадан асты, майлы дақылдың 470 мың тоннадан астамы жиналды. Биылғы 10 айда Ауыл шаруашылығы саласындағы нақты көлем индексі 138,6% -ті құрады, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.
Бірінші мәселе – ауыл шаруашылығы (қарақұмық және күнбағыс) дақылдарын субсидиялау.
Облыста биылдан бастап аталған дақылдарды субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда. Субсидия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізген кезде төленеді. Облыстың осы бағдарламасы бойынша 1 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта облыстың өңдеу кәсіпорындарына күнбағыстың 45,1 мың тоннасы, қарақұмық – 2,4 мың тонна сатылды.
Жиын барысында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын несиелеу мәселесі қарастырылды.
Қыркүйек айынан бастап жалпы республика бойынша ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелеу бағдарламасы басталды. Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы емес бизнес саласында бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлап отырған ауыл тұрғындарына шағын кредит беруді көздейді.
Бағдарламаны іске асыру мақсатындп облысқа кемінде 340 микрокредит беруге 1 728 млн теңге бөлінді.
Үшінші мәселе – облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 2022 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Республикалық бюджет есебінен сатып алынған 13 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинациялауға қажетті ветеринариялық препараттардың жылдық көлемі толық көлемде жеткізілді.
Облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓