Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов пен Балайым Кесебаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Халық қалаулыларының өңірлерге арнайы сапарының мақсаты – бұқараның мәселесіне құлақ түріп, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуын зерделеу. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін әр салада қандай істер жасалып жатқанын бағамдау. Мәжіліс депутаттары ең алдымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға қатысып, Қостанай және Рудный қалаларының азаматтарының арыз-шағымдарын тыңдады. Депутаттардың қабылдауына бас-аяғы алты адам жазылған болатын. Олардың әрқайсысы құқық бұзушылықтарға қатысты ой-пікір, көзқарастарын ортаға салып жатты. Мәселен, Қостанай қаласының тұрғыны Рафаиль Баймұхаметовтың үйіне 2015 жылы 2 қыркүйекте ұры түсіп, қомақты сомадағы ақшаны ұрлап кеткен. Оқиға түстен кейін болған. Содан бері сегіз айға жуық уақыт өтсе де, ұры ұсталған жоқ.
-Үйде қанша ақша бары бейтаныс адамдарға беймәлім жағдай. Сондықтан ақшаның барын, қайда орналасқанын жақын туыстарым ғана біледі деп ойлаймын. Ұрының табылмау себебі тергеу амалдарының әлсіздігі деп білемін. Тергеушілердің жұмысынан ешқандай нәтиже болмай отыр. Ұрлық болар алдында, бір аптадан астам уақыт бойы көрші үйдің жанында жасыл түсті көлік тұрды. Оның жүргізушісі менің үйге кіріп шыққанымды бақылаған секілді. Көршілер де сол көлікті көргенімен, мән бермеген. Жүргізуші азиаттық нәсілдегі адам. Сол көлікті тауып, жүргізушісімен сөйлескім келеді. Бірақ оның нөмірі есімде жоқ,-дейді қала тұрғыны Р.Баймұхаметов.
Қостанай облысы ІІД бастығының орынбасары М.Торғаевтың айтуынша, оқиға болған жерден төрт түрлі саусақ ізінің таңбасы табылған. Саусақ іздерінің екеуінің иесі анықталды. Қалған екеуінің иесі белгісіз. Алдағы уақытта ол анықталатын болады. Жәбірленушінің суреттеуіне сәйкес келетін 743 көлік табылды. Қазіргі уақытта әрбір көлікке жеке-жеке тексеру жүріп жатыр.

Қымбат ДОСЖАНОВА