Қазба байлықтары сатылады
Елімізде пайдалы жер қазбалары аукционының екінші сатысы басталды. 16 маусымда өтетін саудаға қазба байлықтары анықталған 101 жер телімі салынады. Оның 6-ы Қостанай облысына тиесілі. Жер телімдерінің 2 – темір рудасы, 2 – боксит, қалғандарында мыс қоспалары болуы тиіс. Былтырғы жылы ұйымдастырылған аукционда пайдалы қазбалары анықталған жер саудасынан 1,5 млрд. теңге түскенін айта кеткен жөн.