Отбасынан бастайық
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында «Бақытты отбасы» жобасы аясында отбасыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға облыс орталығында тұратын бес отбасы қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әр отбасыға жеке-жеке психологтар, заңгерлер кәсіби кеңес берді. Мұндай қабылдау алдағы уақытта мектептерде жалғасын таппақ.