Сабақ болар сын көп

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Қостанай облысының 80 жылдығына арналған ХХХ облыстық “Айналдым еркін елімнен” атты халық шығармашылығы фестивалінде аудан көркемөнерпаздары төменгі деңгейде өнер көрсетті. Олай деуге себеп, былтырғы жылмен салыстырғанда, жоғары ұпай алған өнерпаздар саны саусақпен санарлықтай ғана. IMG_1619Осы орайда қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, “Мәдениет қайраткері” төс белгісі иегері, “Мәдениет саласының үздігі”, Қостанай мецанаттар клубының иегері, облыстық Е.Өмірзақов атындағы филармониясының директоры Александр Евсюковтың аудан көркемөнерпаздарының облыстық қорытынды концертіне көңілі толмағандығын айта кеткен жөн. IMG_1592Қазылар алқасының мүшесі, жыршы-термеші, бірнеше дүркін республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты Абзал Алпысовтың Алашқа аты мәлім жыраулар шыққан киелі өлкеден бүгінгі таңда төкпе жырдың тарланы атанар термешілердің шықпағандығына қынжылуы да орынды.IMG_1559 Ал, халықаралық, республикалық фестивальдармен байқаулардың лауреаты, Қостанай мецанаттар клубының иегері, “Империал” би ансамблінің жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Сергей Иванников Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің жанындағы “Еркеназ” би ансамблінің өнеріне тәнті болып, рухани демалып, жақсы әсер алғандығын айтып, бізбен ой бөлісті. Қазылар алқасының мүшелері, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Салтанат Өтелбаеваның, халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты, меценаттар клубының иегері, облыстық филармонияның солист-вокалисі Манапбек Қадыровтың, халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты, меценаттар клубының иегері, облыстық филармонияның концертмейстері, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы Мұрат Хамитовтың және Қостанай облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ирина Шевконың айтқан сын-пікірлері негізді. IMG_1555Қазылардың көзіне ұрған кемшіліктер келер жылы түзеліп, алдағы уақытта нәтижелі қорытынды шығады деген ойдамыз.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓