Батырхан Шөкенов қайтыс болды
Әнші 29 сәуірге қараған түні өз пәтерінде жүрек талмасына ұшырап, көз жұмған еді. Ағасының сөзінше өнер иесінің соңғы уақытта денсаулығы нашарлағанын айтты. Қазіргі уақытта жерлеу рәсімі мәселесі шешіліп жатыр. Әншінің денесі Алматы қаласына жеткізіледі. Бұл туралы жедел Мәскеуге ұшып кеткен ағасы Бауыржан Шүкенов хабарлаған.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өнер жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады. Ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әнді шығарады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.