«Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады

ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында,  №91/92   «Астана-Қостанай» бағытында жүретін жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының жолға шығатынын хабарлайды.20160427094543
Пойыз 2016 жылдың 2 мамырынан бастап күнара қатынайтын болады.
Жол бойында аялдайтын бекеттері: Атбасар, Жақсы, Есіл, Құсмұрұн, Тобыл, Железорудная. Пойыз  таңғы 09 сағат 15 минутта Астанадан, ал Қостанайдан кешкі 21 сағат 11 минутта аттанады.  Жолда жүру уақыты Қостанайға дейін  09 сағат 15 минутты,  ал Астанаға дейін 09 сағат 11 минутты құрайды.
«Тұлпар-Тальго» пойызы 27 вагоннан тұрады, оның 2-уі «Гранд», 2-уі «Бизнес», 18-і  «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ 2 вагон-ресторан (вагон-бар) мен 3  техникалық вагон бар. 
Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен  алуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓