Жол бойындағы қоғамдық қабылдау

"Нұр Отан" партиясының Қостанай қалалық филиалы мен темір жол вокзалының қызметкерлері бірлесе отырып, жол бойында қоғамдық қабылдау өткізді. Аталмыш бастама партияның "Stop – қылмыс" жобасының аясында жүзеге асып жатқанын айта кеткен жөн.
DSC09450
Жоғарыда аталған партияның қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Татьяна Курц бастаған топ "Қарағанды-Брест" бағытында жол жүріп бара жатқан жолаушыларға жолығып, өтініштеріне құлақ асты. Ерекше үлгіде қолға алынып отырған қабылдау осымен 3-рет ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Қабылдауда өз өтініштері мен тілектерін білдірген азаматтар көп болды. Солардың бірі – Қарағандыдан Уфаға кетіп бара жатқан Екатерина Иванова вагондарға wi-fi мен радиожелісін қосуды сұраса, Белоруссия азаматы Игорь Сморщек поездің баяу жүретініне көңілі толмайтынын айтады.
Ал, партия өкілдері жолаушылар тарапынан келіп түскен әрбір өтініштің оң шешімін табатынына сендірді.
 
Мешіт ҒАЗИЗ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓