Бәйтерек бой көтерді

Сарыкөлде спартакиадаға дайындық қызып тұр. Себебі, сан түрлі сапалы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі де, бірегейі – аудандық мәдениет үйінің маңында бой көтерген шағын Бәйтерек.
Бойк-терген Б-йтерек
Егемен еліміздің еңселі Елордасының туған күні қарсаңында тұрғызылған бұл Бәйтеректің биіктігі – 8,5 метр. Ұзындығы ұқсамағанымен, түсі мен пішіні кәдімгі көрікті Бәйтеректің көшірмесі.
"Бәрін айт та, бірін айт" – демекші, бұл бастама сарыкөлдіктер үшін естен кетпес ерекше сый болды. Өйткені, дәл мұндай тарту бұрын-соңды болмаған. Асқарлы Астанамыздың бір бөлшегіне айналған нысанның шағын көшірмесі аудан ортасынан ойып тұрып орын алуының өзі қайда жатыр?! Мұны тамашалауға келген халық бөріктерін аспанға атып, балаша қуанып жатыр. Дені тамаша Бәйтеректің қасында суретке түссе, ал енді бірі  бұл  бастамаға  мұрындық болған аудан әкімі Эльдар Күзенбаевқа дән ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жаудыруда.  
Расында да, алыстан "мен мұндалап" көзге көрік беріп тұрған Бәйтерекке қарасаң, Астананың әсем бір бейнесін байқайсың. Бір қызығы, балақайлардың бәрі: – "Бәйтерекке барамыз", –  деп мәз-мәйрам болып жүр.
Мінеки, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қуаныш сыйлаған мұндай игі істер, болашақта көп бола берсе ғой, – деген орамды ойлар ойға оралады осындайда.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓