ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

Рудный индустриялық институтында ректор гранты үшін өткен кешенді олимпиаданың қорытындысы шығарылды.1378037365_30
Білім додасына Рудный мен Лисаков қаласының түлектері қатысқан болатын. Институттың конкурстық комиссиясының шешімімен «Математика» және «Сурет салу» бағытында №4 мектеп-лицейдің оқушылары Ю.Прохорова мен Л.Шайсұлтанова, «Физика» бағытында №1 мектептің түлегі Н.Өтебаев жеңімпаз деп танылды. Енді олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден 50 ұпайдан артық алса, Рудный индустриялық институтына оқуға тегін қабылданады. Тағы 8 оқушы осы оқу орнын таңдаған жағдайда оқу ақысын 20 және 30 пайыздық жеңілдіктермен төлеуге мүмкіндік алды.ОЛИМПИАДА
– Дәстүрлі шараға биыл 300-ге тарта түлек 5 бағыт бойынша қатысты. «Химия» және «Информатика» бағытында үміткерлер қажетті ұпайды жинай алмағандықтан, жеңімпаз анықталған жоқ. Олимпиаданың басты мақсаты білімді, дарынды оқушыларды ынталандырып, біздің жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға қолдау көрсету, – дейді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марина Мұстафина.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓