Жәрмеңке
Қостанай қаласы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі25-сәуір күні өтеді. Қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, қаланың үш жерінде: сити орталықта, Арыстанбеков көшесінде және КСК шағын ауданында ұйымдастырылатын болады. «Отандық өнімдер саудаға қойылады. Екі апта бұрын өткен жәрмеңкеде барлық өнімдер жақсы өтті» деді қалалық ауыл шаурашылық бөлімінің басшысы Қ.Сандыбеков. Бұл жолы жәрмеңкеде 100 тонна тауар және 25 тонна ет өнімдері сатылады деп күтілуде.