Қашқын Қарабалықта қолға түсті
Қарабалық ауданында Өзбекстан түрмесінен қашқан қылмыскер қолға түсті. Ол 20 жылға бас бостандыған айырылған тұтқын екен. Табаны күректей 17 жылын өтеп, бостандыққа небары 3 жыл мерзім қалғанда, қашып шығуды ұйғарған. Абақтыдан сытылып шығып, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекардан тауар тасымалдайтын пойыз арқылы өткен. Негізгі бағыты – Ресей. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласынан түсіп, еліміздің солтүстігіне беттеген. Қостанай қаласына жеткенде пойыздың суықтығына шыдамай түсіп қалып, жергілікті қайыршылардан көмек сұраған. Олар оны тамақтандырып, барымен бөлісіпті. Тіпті, Ресейде күтіп отырған танысына хабарласу үшін ұялы телефон да тауып берген. Артынша, амалын тауып, Қарабалық ауданына келген. Екі ел арасындағы «Қайрақ» бақылау бөлімінің әлеуетін байқап, өте алмайтынын түсінген ол кейін қайтады. Сапарын жалғастыру үшін басқа жол іздейді. Жақын маңдағы бөтен үйдің ауласына еніп, сарайда жасырынған.
Сәлден соң үйден шығып кеткен әйелді байқап, ашық қалған есікке кіріп, түпкі бөлмеге тығылыпты. Шылқыған киім-кешегін шешіп, пеш үстіне жаяды. Үйдегі төсек орынды иемденіп, қуысқа барып жайғасқан. Әбден шаршаған ол қалың ұйқыға кетсе керек. Үй иесі бөтен біреудің барын түске таман ғана аңғарады. Зәре-құты қашқан әйел сөмкесінен 7000 теңге ақшасын суыра беріп, өзіне тиіспеуді өтінген. Ал, қылмыскер болса өзінің көзге шалынып қалғаны үшін ат-тонын ала қаша жөнелген. Азаматша тез арада тәртіп сақшыларына қоңырау шалып үлгереді.
Қарабалық ауданының полиция қызметкерлері қашқынды қолға түсіріп, Өзбекстанға аттандырды. Белгілі болғандай, қылмыскер бұрын-соңды екі рет істі болған. Кәмілеттік жасқа толмай тұрған шағында біреудің баспанасына ұрлыққа түсіп, қожайынын кілемге орап, тұншықтырып өлтірген. Екінші ретте де дәл осыған ұқсас аса ауыр қылмыс жасапты.
Қылмыскерді қолға түсіруге кезекшілік бөлімнің басшысы Жандос Баймұханов, жүргізуші Олег Сагайдачный, қылмыстық іздеу басшысы Қадыржан Серкебаев және Қайрат Исабаев құраған топ күш салғанын айта кеткен жөн.