21 келі героин жасырылған «Опель» ұсталды
Қостанай облысының аумағында героин жасырылған автокөлік анықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Жедел іздестіру шаралары барысында Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлеріне «Опель вектра» көлік қорабының күңгірттенуі күдік туғызған. Кейін Идальго атты қызметтік ит көмегімен тексеру жүргізілді. Осылайша есірткі затының болу мүмкіндігі бар екені байқалды.
Талшықты-оптикалық эндоскоппен тексергенде темір тұлпардың шанағынан құпия орын табылып, онда сұр түсті ұнтақ зат бар екені анықталды. Нәтижесінде 44 брикет тәркіленді. Оның салмағы шамамен 20 700 келі. Қазір аталмыш оқиғаға байланысты Қырғызстан Республикасының 4 азаматы құрықталды. Ал, көлік жүргізушісі өз кінәсін мойындап отыр. Іс ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментіне жолданды.
Тергеу жүргізілуде.
Мешіт Ғазиз